
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері үшін Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жүк автомобильдерінің экологиялық кластарға сәйкестігі бойынша техникалық оқыту өткізілді.
Аталған техникалық оқыту Алматы қаласында орналасқан "Алматинский автоцентр Камаз" ЖШС БК базасында өтті.
«Алматинский автоцентр Камаз» ЖШС БК директорының орынбасары N3 санаттағы үлкен жүкті автомобильдердің сипаттамалары мен көрсеткіштері бойынша толық түсінік берді.
Теориялық бөлім аяқталғаннан кейін Департамент қызметкерлеріне көрнекі автокөлік құралдарында автокөлік құралдарының құрамдастары бойынша экологиялық талаптарды көзбен анықтау үшін N3 санаттағы «КАМАЗ» маркалы автокөліктердің үлгілері ұсынылды.
Сонымен қатар, жөндеу цехында автокөлік құралдарының экологиялық класс бойынша айырмашылықтары көрсетілді. Бұл техникалық оқыту одан әрі шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын автокөлік құралдарын тексеру жүргізу кезінде қолданылатын білім алуға бағытталған.