ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2019 жылдың 30 мамырында қалалық №6 емханада түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Метрология саласының адам өміріне мен денсаулығына маңыздылығын және  медициналық мекемелер өкілдерінің  жұмыстарында  Қазақстан Республикасы  «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету  туралы» Заңының талаптарына сәйкес, адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін және аурулардың диагностикасы мен емдеуіне қажетті өлшеу құралдарын міндетті түрде салыстырып тексеру қажет екендігі  туралы  түсіндірілді.

Сонымен қатар,  мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған барлық өлшеу құралдары, қолданысқа беру алдында сынақтан өткізіліп, одан кейін түрін бекітіп немесе метрологиялық аттестациялап, сынап, тексеріліп және Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс. Өлшеу құралдарын сынап тексеруді аккедиттелген сынап тексеру зертханалары жүргізеді, олардың тізімімен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология комитеті сайтынан www.memst.kz танысуға болатындығын атап өтті.

Сонында  пікір алмасып,  қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріді.