АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2019 жылдың 30 мамырында Алматы қаласында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Балалар тауарлары нарығын дамыту және реттеу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға ҚР ИИДМ ТРМК  Алматы қаласы бойынша департаменті, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, қаланың аккредиттеу субъектілері, "Балалар тауарлары индустриясының Қазақстандық ассоциациясы" ЗТБ, сондай-ақ ойыншықтарды, балалар тауарларын өндірушілер мен өткізушілер қатысты.

Осы жиналыстың мақсаты техникалық регламенттерде, стандарттардың дәлелді базасында және өнімнің КО ТР 008/2011 "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы", КО ТР 007/2011 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" талаптарына сәйкестігін растау жүйесінің инфрақұрылымындағы проблемалық мәселелер мен мүмкін болатын олқылықтарды талқылау және балалар тауарларын бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында ҚР ИИДМ ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қ.К. Жұманова, балалар тауарлары мен ойыншықтарды өндірушілердің және аккредиттеу субъектілерінің Қазақстандық Ассоциацияларында туындайтын проблемалық мәселелердің "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 007/2011 және "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" КО ТР 008/2011 техникалық регламенттерінің және аккредиттеу салаларының талаптарына сәйкестігі мәніне мониторинг жүргізу бойынша ақпарат берді.

Сондай-ақ, жиналыс бағдарламасының аясында "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының БМБФҚ сүйемелдеу бөлімінің бастығы Ж.К. Нұрбаева  қатысушыларға "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) стандарттар тізбесіне өзгерістер жобасы туралы ақпарат беріп өтті.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Техникалық регламенттердің талаптарын сақтауды бақылау бөлімінің басшысы Н.В.Дягилеваның 2018 жылғы және 2019 жылғы 4 айдағы балалар үшін тауарлардың қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша  слайдтарымен даяндалған баяндамасы тыңдалды.

"Балалар тауарлары индустриясының Қазақстандық ассоциациясы" ЗТБ президентімен сөз сөйлеу барысында техникалық регламенттерді оңтайландыру бойынша жұмыстарды жүйелеу мақсатында балалар тауарларының Бірыңғай жіктегішін (БТБЖ) құру мәселесін қарастыру ұсынылды және техникалық регламентке сапа бойынша қажетті талаптар енгізілген кезде, бірақ аралас санат бойынша осы талаптар нарықты шектейтін және артық болып табылатын жағдайларды БТБЖ болдырмауға мүмкіндік беретінін аталып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша пікірлер мен сұрақтармен нәтижелі алмасулар болды, сондай-ақ жағдайды жақсарту және балалар тауарларын бақылау тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар белгіленді.