МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

РӘМІЗДЕР – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да Мемлекет адамдарға Мемлекеттік Рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер туралы» Конституциялық заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес жыл сайын  4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер мерекесі тойланады. Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 27 жыл толды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн.

1992 ж. 4 маусым ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының дүниеге келген күні болып Халықтың жадында мәңгі қалады. Негізінде, бүгінгі күнге дейін қолданылып келген елтаңба термині немістің «ербо» сөзінен шыққан. Қазақшаға аударғанда – танба (знак, тамга). ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек формаға ие болады және жан-жағынан шашыраған күн сәулелері секілді уықтар таралған, көгілдір фондағы шаңырақ көрінісін бейнелейді. Шаңырақтың оң және сол жағында аңыздағы пырақты тұлпарлардың бейнесі орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде ҚАЗАҚСТАН деген жазу орналасқан. Шаңырақ, уықтар, тұлпарлар, жұлдыз және «Қазақстан» жазуының түсі – алтын түстес.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары болып белгілі сәулетшілер – Жандарбек Малибеков және Шот-Аман Уалиханов болып табылады.

Ал ҚР Мемлекеттік Туы ресми түрде1992 жылы қабылданды. Ту – әдетте елтаңбаның немесе эмблеманың бейнесі бар, сапқа немесе бауға бекітілген, белгіленген көлемдегі және түстегі мата. Ежелден Ту мемлекеттегі халықты біріктіретін және белгілі мемлекеттің құрылуымен сәйкестендіретін қызметті атқарып келеді. ҚР Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Тудың сабында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күннің, қыранның және ұллтық орнаменттің түсі – алтын түстес. Оның авторы белгілі өнер қайраткері – Шакен Ниязбеков.

2006 ж. 7 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ҚР-ның Мемлекеттік Гимні болып 1956 жылы жазылған «Менің Қазақстаным» атты белгілі әнге алмастырылды. Әнде мемлекеттік Гимн статусынасәйкестендіретін өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертілер 2003 ж. 11 қаңтарда Парламентпен бекітілді. Ең алғаш рет 2006ж. 11 қаңтарда Мемлекеттің елбасын салтанатты түрде  ұлықтау кезінде орындалды. Әуені – Шәмші Қалдаяқов сазгерінікі, ал сөздері Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Тарихқа көз салсақ, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің музыкалық басылымы туралы» заңдарына қол қойған екен. 6 маусымда Абай атындағы Алматы опера және балет театрының ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесеріне арналған салтанатты рәсім өтті. Сол күні Елбасының резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ғимаратына Мемлекеттік Ту көтеріліп, Мемлекеттік Елтаңба орнатылды. Алты айдан кейін, 1992 жылдың 11 желтоқсанында, Мемлекеттік әнұранның мәтіні мақұлданды (2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданып - халық арасында кең таралған «Менің Қазaқcтaным» патриоттық әні әнұран болды).

Мемлекеттік рәміздер зияткерлік меншік болып табылады. Біздің еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасына және Мемлекеттік Туына деген құқығы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына тіркелді. Халықаралық деңгейде қабылданған стандарттарға сәйкес, бұл құқық Париж конвенциясына қосылған 130 елде заңмен қорғалады.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу бірқатар маңызды конституциялық нормаларға жатады. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығында Қазақстан Республикасының азаматтары, оның аумағында жүрген азаматтарда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін құрметтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңына сәйкес мемлекеттік рәміздер төменде келтірілген стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленуі керек:

- ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар»;

- ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар»;

Мемлекетіміздің латын әліпбиіне көшуіне байланысты, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына 2018 жылдың 1 қарашасында №1 өзгеріс енді. Мемлекеттік Елтаңбамыздағы «Қазақстан» жазуы, енді латынша «QAZAQSTAN» деп таңбаланатын болады.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтей отырып, әрбір қазақстандық өз Отанына деген патриоттық сезімді танытады, оның жетістіктерімен және мәдениетімен мақтан тұтады, біздің халқымыздың сипаты мен мәдени ерекшеліктерін сақтауға тілек білдіреді.