КАМАЗ-ОРТАЛЫҚ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ

 КАМАЗ-ОРТАЛЫҚ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ

ҚР МИИР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Азамат Каримов "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Петропавл қ. "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ дилері болып табылатын "ВИС" ЖШС КАМАЗ-орталығы базасында оқудан өтті.

КАМАЗ-орталықтың мамандары Еуро-3 және Еуро-5 экологиялық класты жүк көліктері арасындағы айырмашылықтарды сауатты айтып, көрнекі түрде көрсетті.

4 және 5 экологиялық класстарға автомобильдерді анықтау алгоритмі зерттелді. Еуро-4 және Еуро-5 нормативтеріне қол жеткізуге әсер ететін автомобильдің негізгі компоненттерінің орналасу схемасы көрнекі көрсетілді. КАМАЗ-орталықтың маманы жүйенің жұмыс істейтің айтып берді.

Аталған іс-шара Департамент маманы үшін нәтижелі өтті, алынған білім одан әрі автокөлік құралдарын тексеру және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен тауарлар түрінде орналастырылатын құжаттарды тексеру кезінде қолданылатын болады.

Оқу барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды.