АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ

 АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ

2019 жылдың 04 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Әділет заң колледжінің алаңында семинар өткізді.

Осы семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Рәміздеріне деген сыйластықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттықты және азаматтылықты  тәрбиелеу, сонымен қоса оларды түсіне білу және маңыздылығын түсіндіру.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін  және олардың бейнемелерін орналастыру ережелерін, Мемлекеттік Елтаңба (ҚР СТ 989-2014) ұлттық стандартына енген өзгерістері туралы, сонымен қоса ҚР  Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бойынша ауыспалы кезең жайлы түсіндіріп өтілді.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдарының, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша флиалының өкілдері, колледждің заң факультетінің студенттері мен мұғалімдері  қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға 2018 жылдың 1 қарашасында күшіне енген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014  № 1 өзгерістері жайлы ақпарат жеткізілді.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Техникалық шарттары»  ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына «ҚАЗАҚСТАН» сөзін  стандарттың барлық мәтіненде латын графикасында «QAZAQSTAN» сөзімен ауыстыруға байланысты өзгерістер енді.

Қазіргі уақытта  2022 жылдың  1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыру бойынша өтпелі кезең анықталынды.

Слайд көрсете отырып тыңдаушыларға ғимараттардың ішінде және сыртында Мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен олардың өлшемдері жайлы, сонымен қатар ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою ережелері бойынша ақпарат жеткізілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тақтайшаларына қойылатын талаптар және оларға нышандар белгілеу тәртібі; мемлекеттік рәміздердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтіндігі үшін жауаптылық пен айыппұлдар туралы айтылды.