ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖУРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖУРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында 2019 жылы 6 маусымда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары және "ҚазМетрИн" РМК ОҚФ, "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері "Катрис-Дизайн" компаниясы ЖШС қызметкерлерімен техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Катрис-Дизайн" компаниясы ЖШС Қазақстан Республикасында жалюздер өндіру мен сатудың негізін қалаушы болып табылады және 1995 жылдан бастап Қазақстандықтардың терезелерін әшекейлейді. Компания жайлылық пен ыңғайлылықты жасауда маңызды рөл атқаратын интерьер заттарын шығарады. Компания кез-келген күрделіктегі тоқыма дизайн - жобаларын әзірлейді және өз тапсырыс берушілеріне: терезе декоры – портьерлер, ламбрекендер, аксессуарлар (қылқалам, Бахром, баулар, броштар және т.б.), көтергіш перделер, жапон перделері, карниздер және түрлі модификациядағы карниз жүйелері мен кез-келген жалюздерді ұсынады.

"Катрис-Дизайн" компаниясы "ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңының талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді.  Сондай-ақ, техникалық регламенттерді, мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды қолдану, дайын өнімді таңбалау талаптары түсіндірілді.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша жемісті ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті.

Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру бойынша осындай іс-шараларды өткізу ұйымдардың жұмысында сапа стандарттарын енгізуді міндетті түрде жандандыруға ықпал етеді және отандық тауар өндірушілер үшін бәсекеге қабілеттілікті нығайту, отандық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, яғни Қазақстан Республикасының тұтастай экономикасы бойынша басымдықтарды белгілейді.