"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер.Мемлекеттік реттеудің жаңа моделі" тақырыбында семинар

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер.Мемлекеттік реттеудің жаңа моделі" тақырыбында семинар

2019 жылдың 13 маусымында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер.Мемлекеттік реттеудің жаңа моделі" тақырыбында семинар өтеді.

Іс-шараның бағдарламасында:

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

- бәсекелік күрес;

- инновация;

- бақылау схемаларын қолдану;

- шама бірліктері эталондарының калибрлеу аралығын орнату;

- заңнамалық және өнеркәсіптік метрология функциялары.

- аккредиттеу субъектілері үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың және калибрлеуге көшу саясатының өзгеруі бойынша мәселелерді түсіндіру. 

Семинарды халықаралық спикерлер - Германияның Федералды физика-техникалық институтының (PTB), Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының (ХЗМҰ), Халықаралық шаралар мен таразылар бюросының (ХШТБ) сарапшылары, сондай-ақ "ҚазМетрИн" РМК мен "ҰАО" ЖШС өкілдері өткізеді.

Семинар қонақтары: Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) ұлттық метрологиялық институттары мен аккредиттеу орталықтарының өкілдері.

Семинар ақысыз негізде өткізіледі.

Семинардың өткізілетін жері – Нұр-Сұлтан қаласы, Е 10 көшесі, 17/12-үй, мекенжайында орналасқан "Казатомпром" ҰАК" АҚ, 3-қабаттағы конференц-зал.

Семинардың басталуы - сағат 10.00 -да, тіркелу сағат 09.30-дан бастап.

Семинарға қатысу үшін қатысушының аты-жөні, лауазымы, жеке куәлігінің көшірмесін (ғимаратқа кіру үшін) мына электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: tlektesova@kazinmetr.kz