
2019 жылдың 6 маусымында Семей қаласында ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытқан Құнафияновтың төрағалығымен техникалық реттеу сұрақтары бойынша өңірлік штаб отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ҚР ТЖ жобасы талқыланды.
Жан-жақты талқылау мақсатында құрылыс индустрия, сәйкестікті растау бойынша орган өкілдері, сондай-ақ ШҚО кәсіпкерлік Палата, ШҚО сәулет және қала құрылыс бөлімінің өкілдері шақырылды.
«ҚазИнСт» РМК Семей қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Сергей Кузнецов «Стандарттау туралы» ҚР Заңы туралы, Семей қаласы өңірінің кәсіпорындарынан стандартты әзірлеу үшін ұсыныс-өтінімдер негізінде 2019-2020 ж.ж. мемлекеттік стандарттау Жоспарын құрау бойынша жұмыс туралы сөз сөйледі.
Кездесу барысында балаларға арналған ойын алаңдарын орнатылу қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін, оның ішінде батуттар, сондай-ақ әкелінетін цементтің сапасын мемлекет жағынан қадағалау туралы сұрақтар түсті.
Қатысушыларға техникалық регламенттағы заңнамадағы өзгерістерімен таныстырылды, нақты айтқанда 2019 жылдың 17 мамырындағы № 296 Үкімет қаулысымен техникалық регламент талаптарын қадағалауды мемлекеттік бақылауды қамтамассыз ету бойынша уәкілетті орган болып инфрақұрылымдық даму және индустрия Министрлігі анықталғаны.
Отырыстың қорытындысы бойынша ТРМК ШҚО бойынша департаментінің Семей бөліміне, «ҚазСтИн» РМК Семей қаласы бойынша өкілдігіне техникалық реттеу сұрақтарына түсініктемелік жұмысты жалғастыруды, «Аттракциондың қауіпсіздігі туралы» КО ТР Семей қ. әкімдігімен бірге түсніктеме жұмыстарын атқару тапсырмалары берілді.