
2019 жылғы 7 маусымында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМКФ ШЖҚ Сынақ орталығының аланында Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған аккредиттеу субъектілерімен жиналыс өткізді.
Дүниежүзілік аккредиттеу күні 2008 жылы бекітілген және жыл сайын 9 маусымда атап өтіледі.
Осы мерекенің мақсаты-аккредиттеу субъектілері мамандарының қызметіне алғыс білдіру және сонымен қатар осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтау.
Бұл күні семинарларда, конференцияларда, лекцияларда, форумдарда тәжірибе алмасу өтеді. Қатысушылар аккредиттеу және сертификаттаудың өзекті мәселелерін талқылайды.
Жыл сайын мереке белгілі бір ұранмен өтеді. 2019 жылғы Дүниежүзілік аккредиттеу күнінің ұраны: «Аккредиттеу: жеткізу тізбегіне деген сенімді нығайтады».
Осы жиналысқа мемлекеттік органдардың, «ҚазСтИн» РМК СҚФ-ның, СҚО Кәсіпкерлер Палатасының, зертханалардың және сәйкестікті растау жөніндегі органның өкілдері қатысты.
Кіріспе сөзбен ҚР ИИДМ ТРМК СҚО Департаментінің басшысы Бейбіт Айтанұлы Әбілев және Сынақ орталығының директоры Қайырғали Қапезұлы Исенеев сөз сөйледі.
Сынақ орталығының санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі Елена Вячеславовна Козлова қатысушыларды зертхана қызметімен таныстырып, түрлі сынақтардан өтіп жатқан орнатылған құралдардың жұмысын көрнекті түрде көрсетті.
Аккредиттеу саласына сәйкес сынақ орталығы жүргізетін жұмыстар туралы сапа жөніндегі менеджер Темірболат Жанабек Бауыржанұлы хабарлады.
ҚР ИИДМ ТРМК СҚОД бас маманы – СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Екатерина Михайловна Паршина мерекенің тарихы мен дәстүрлері, Қазақстан Республикасында аккредиттеу жүйесінің қалыптасуы туралы әңгімеледі.
«ҚазСтИн» РМК СҚФ директоры Лязат Дисембаевна Кенжетаева ағымдағы жылдың сәуір айында күшіне енген «Стандарттау туралы» Заңы туралы, ресми басылымдардың Нормативтік техникалық құжаттардың бірінғай фонды арқылы (интернет дүкен ЕГФ НТД) стандарттау бойынша құжаттарды жариялау тәртібі туралы қатысушыларды хабардар етті.
Соңында қорытынды жасалып, қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелерді талқылады.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында аккредиттелген 1 орган, 16 сынақ зертханасы, 13 тексеру зертханасы, 4 калибрлеу зертханасы, 1 медициналық зертханасы тіркелген.