
Қарасай ауданының Қаскелең қаласында орналасқан «Астана» және «MS oil» автожанармай құю станцияларында, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында мұнай өнімдерінің сапасы мен мөлшерін өлшеуге арналған арнайы жабдық (ЕБА) деректерді тіркеп қана қоймай, оларды онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетіне тапсыратыны түсіндірілді. Барлық жанармай құю станциялары ұқсас ЕБА-мен жабдықталған.
Қатысушыларға нақты уақыт режимінде дұрыс емес деректерді беру жағдайлары бар, олар дұрыс жұмыс істемеу және ЕБА орнатудан туындауы мүмкін. Аспаптармен бұрмаланған ақпаратты беруді болдырмау үшін техникалық құжаттама мен «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау қажет екендігі атап өтілді. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1 - бабының 4-тармақшасына сәйкес-есепке алудың бақылау аспаптары (ЕБА) – мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында орнатылған мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы бақылау есептеу аспаптарының деректерін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға кейіннен нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған техникалық құрылғылар, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген ЕБА қолдануға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, аталған Заңның 19-бабына сәйкес өлшеу құралдарын тексеруден өткеннен кейін қолдануға рұқсат етіледі.