
2019 жылдың 10 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Алматы жылу желілері» ЖШС-не кәсіпорынына барды.
Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.
«Алматы жылу желілері» ЖШС Алматы қаласы аумағында тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін жылу энергетикалық кәсіпорын. Жылу энергиясын қабылдауды, беруді, бөлуді және оны тасымалдау жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің барлық ілеспе түрлерін, жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, сондай-ақ Алматы қаласында жылу мен ыстық суды сатуды жүзеге асырады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Ринат Имашев, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар РҚ Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.
Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.