
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары "Қазақювелир" АҚ "Янтарь" зергерлік салонына жұмыс сапары барысында бағалы металдар мен бағалы тастар туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама талаптарын түсіндірді.
Мамандар Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде сараптама жүргізіліп, мемлекеттік бақылау жүргізілетінін қатысушылардың назарын аударды. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге әкету кезінде сараптама жүргізіледі және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалы таңбасы, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қоятын атаулы бедері жоқ болса сатуға жол берілмейді. Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде жасанды жолмен алынған материалдарды қолданғанда, жапсырмаларда осы тас бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс түсіндірді.
Заңнамаларды талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасу өтті, қатысушылар қойылған сұрақтарға жауаптар алды.