
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде ақпараттық – насихаттық қызметті жүргізу және ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдануды түсіндіру бойынша жұмыстар талқыланды.
Атап айтқанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 989-2014 стандартын қолдану (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар) жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылатын болады, яғни Мемлекеттік Елтаңба конусының бетінде «Шаңырақ» осіне қатысты «QAZAQSTAN» деген жазу латын графикасындағы «QAZAQSTAN» деген жазумен ауыстырылатын болады.
Кеңесте Ақмола облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас маманы - мемлекеттік инспекторы Б.С. Зұлқарнаева жоғарыда аталған жаңашылдықты облыстық ішкі саясат басқармасымен және аудандық ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, облыстық ауқымдағы газеттерде, сондай - ақ аудандық газеттерде жарияланымдармен, мемлекеттік органдармен кеңестердің дөңгелек үстелдерін өткізумен, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) жариялаумен түсіндіру қажет екенін атап өтті.