НҮР-СУЛТАНДА МЕТРОЛОГТАРДЫН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 НҮР-СУЛТАНДА МЕТРОЛОГТАРДЫН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2019 жылғы 13 маусымда «Қазақстан метрология институты» РМК-ның ұйымдастыруымен  "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ алаңында Халықаралық салмақ пен өлшем  бюросынан (ХСӨБ) және Германияның Федералды физика-техникалық институтынан (PTB) халықаралық сарапшыларының қатысуымен. «Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету және калибрлеуге көшу туралы заңнамадағы өзгерістер» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілі Нұрбибі Алданова және «Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ Техникалық реттеу және метрология басқармасының бастығы Евгений Ющенко ашты.

Семинарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау, бәсекелестік күрес, инновациялар туралы мәселелерді  РТВ техникалық ғылымдарының докторы Клеменс Санетра айтып өтті.  Шығарылатын өнім (өріктер) туралы өз мысалында Клеменс Санетра тағам өнімдерін таңбалауға мемлекеттік бақылау жүргізу және іріктеп тексеру жолымен денсаулықты қорғау үшін Техникалық регламентте қауіпсіздікке қойылатын ең төменгі талаптарды белгілей отырып, мемлекет бақылауды қайда және қандай кезеңде жүзеге асыру керектігін көрсетті.

«Өнеркәсіпті дамытуға үлес қосу  үшін нені реттеу, нені реттемеу керек?» тақырыбында Заң шығару және өнеркәсіптік метрология қызметі» тақырыбында халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының халықаралық байланыс жөніндегі сарапшысы Шыңғыс Қуанбаев сөз сөйледі.

Өз мысалында ол супермаркеттегі таразы алып келді және қандай жағдайларда салыстырып тексеру (бақылау таразысы), ал қандай жағдайда калибрлеу (сауда орындарында) қолданылатынын түсіндірді.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама өзгерістерін түсіндірумен "Қазақстан метрология институты" РМК бас директорының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов сөз сөйледі. Енгізілген өзгерістер эталондар мен өлшеу құралдарын калибрлеуді енгізу бойынша көптеген мәселелерге алып келді. Кәсіпорындарда эталондар мен  өлшеу құралдарына калибрлеу аралықтарын қалай орнату керектігі, салыстырып тексерілетін өлшеу құралдарына калибрленген эталоннан өлшем бірлігін қалай беру жүзеге асырылады деген сұрақтар туындады.

Сондай-ақ, семинарда халықаралық сарапшылар «Бақылау сұлбаларын қолдану және заңнамалық және өнеркәсіптік Метрологияның функциялары», «Шамалар бірліктері эталондарының калибраралық интервалын орнату» тақырыптарын аталып өтті.

Аккредиттеу субъектілері үшін калибрлеуге көшу саясаты туралы «ҰАО» ЖШС өкілі Гүлімхан Кенжеғалиева баяндады.

Семинар ұлттық метрологиялық институттардан және Орталық Азия елдерінің аккредиттеу орталықтары: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген қонақтардың қатысуымен өтті.

Ұйымдастырылған семинар елдегі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және кәсіпорындардағы өлшемдерді қадағалауға қатысты көптеген маңызды сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

Б. Мұхамеджанов атап өткендей, «мемлекет мемлекеттік реттеу моделін анықтады, заңнамалық база бар, енді кәсіпорындар мен Метрология институтының алдында шығарылатын отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін калибрлеу тетіктерін пайдалану міндеті тұр».