
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде кәсіби мереке және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 20 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан - 2050" Стратегиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев "жоғары этика мен кәсіпқойлық тиімді мемлекеттік аппарат құрудың басты өлшемі болып табылады", – деп атап өтті.
Біз үшін мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Этикаға сәйкес біз, мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіспіз.
Департаментпен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде және Департаменттің өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы" РМК филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерінің талаптарын сақтау және олардың мінез-құлықтың базалық стандарттарын сақтауы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.
Салтанатты іс-шара соңында департамент басшысы Бауыржан Касымов Департамент мамандарына алғыс хаттар табыс етті.
