"ФИТОЛИУМ" ЖШС-ДЕ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ФИТОЛИУМ" ЖШС-ДЕ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУЫ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 18 маусымда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесе отырып «ФитОлиум» ЖШС жұмыс кездесуін өткізді

Аталмыш іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, метрология, сәйкестікті растау аясындағы аккредиттеу заңнамаларын түсіндіру.

"ФитОлеум" ЖШС — тәуелсіз Қазақстан Республикасында отандық фармацевтикалық саланы дамытудың бастауында тұрған қызыл май сауда маркасымен фармацевтикалық компания.

Компания табиғи шикізат негізінде табиғи фитопрепараттарды ұсынады. Ең танымал және сұранысқа ие "ФитОлеум" препараттары: қызыл май полифит майы, Қызылмай шырағдандары және прополиспен Қызылмай шырағдандары, биологиялық белсенді қоспалар (Фито-шайлар және бал ассортиментте), косметикалық құралдар (репей майлары).

Компания қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңының талаптары түсіндірілді және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді.