
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері «Торғай-Петролеум» АҚ мұнай компаниясын техникалық реттеу және метрология саласы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.
Акционерлік қоғам өз қызметін 2005 жылғы 28 сәуірдегі акционерлер жиналысының шешімімен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады. Кәсіпорынның 1995 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Үкіметі берген МГ № 296 сериялы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына мемлекеттік лицензиясы бар.
Кәсіпорынның мынадай бөлімшелері бар:"Құмкөл" кен орнында: вахталық кент, әкімшілік-базалық кешен, мұнайды алдын ала дайындау учаскесі, мұнай және газ өндіру учаскесі, қабаттық қысымды ұстап тұру учаскесі, УПН талдау зертханасы және т. б.
Мұнай компаниясын аралау барысында техникалық реттеу, метрология, КО техникалық регламенті және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.