
2019 жылы 19 маусымда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп аттракциондары бар ойын-сауық саябақтары мен сауда ойын-сауық кешендері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Сонымен, «Fantasy World Almaty» ойын-сауық паркінің, «Carnaval», «Happylon» және «Family Park», «Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы» ойын-сауық орталықтарының жауапты тұлғаларымен жұмыс кездесулері өткізілді.
Осы кездесудің мақсаты 2019 жылғы 01 шілдеден бастап күшіне енетін «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын түсіндіру бойынша жалғастыру болып табылады.
Департамент қызметкерлері мен «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері тарапынан жұмыс кездесуі кезінде ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» бойынша негізгі талаптары айтылып өтті. Онда іске қосудың қауіпсіздіктің негізгі талаптары, аттракциондарды есепке алу, аттракциондарды пайдалануға жіберу және аттракциондарды техникалық куәландырудің негізгі талаптары сипатталған.