
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент қызметкерлері балалардың аттракциондарына қойылатын талаптарды сақтау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысын аттракциондық қызмет көрсететін қаланың жеке кәсіпкерлерінің арасында жүзеге асыруда.
Кездесу барысында оларға «Аттракциондар қауіпсіздігі. Пайдалануға енгізу кезінде аттракциондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ 3359-2019 негізгі талаптары түсіндірілді.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдарда аттракциондарды тіркеу сәтінен белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін қозғалады. Аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді.
Параметрлері жұмыс құжаттамасында көрсетілген мәннен асып кететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар пайда болған жағдайда, жолаушыларға арналған аттракциондардың пайдалануы тоқтатылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша депертамент мамандары аттракциондардын техникалық жағдайын күнделікті тексеру бойынша және жұмыс жұрналында міндетті түрде оны көрсетубойынша ұсыныстар жасайды.