
2019 жылдың 19 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының және «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ өкілдерімен бірлесіп «Беккер и К» ЖШС-не кәсіпорынына барды.
Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.
«Беккер и К» ЖШС ет, нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік және аспаздық өнімдерді, сондай-ақ мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіруді жүзеге асырады. Компания Алматы қаласы бойынша премиум класты шұжық өнімдері мен мұздатылған өнімдердің ең көне өңірлік өндірушісі болып табылады. Өнімнің сапасы компания жетістігінің негізгі факторы болып табылады, өйткені барлық өнім табиғи шикізаттан дайындалады және сақтау мерзімі аз, бұл онда консерванттардың жоқтығын растайды.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бөлім басшысы Қатипа Жұманова, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар РҚ Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.
Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.
