ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАУ

ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАУ

Халықаралық аккредиттеу күнін мерекелеу құрметіне Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде «Қалалық алғашқы медициналық - санитарлық көмек орталығы» ЖШС клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі болып табылатын Людмила Покрашенконы аккредиттеу жүйесін дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Людмила Покрашенко осы салада 1985 жылдан бастап жұмыс істейді және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Еңбек жолын Шахтинск қаласының  № 1 емханасында учаскелік дәрігер лауазымынан бастаған. Дәрігер лаборант болып қызмет атқарған, қазір таңда осы зертхананың меңгерушісі.

Департаменттің басшысы Бауыржан Kасымов аккредиттеу күнімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.