ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АТТРАКЦИОНДАРДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АТТРАКЦИОНДАРДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ТРМКД облыстық әкімдігінің ғимаратында «ҚазСтИн» РМК ШҚ филиалымен бірлесе техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысы өткізілді.

Отырыс бейне конференц-байланыс режимінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, «Атамекен» ШҚО кәсіпкерлер палатасының, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, балалар лагерлері мен аттракциондар иелерінің қатысуымен өткізілді.

Департамент басшысы Б. Кунафиянов кіріспе сөз сөйледі. Ол ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондар қауіпсіздігі» ұлттық стандартын әзірлеу мен қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. «Бұл стандарт-жазатайым оқиғаны болдырмау үшін не және қалай істеу керектігін белгілейтін құжат. Монтаждау және пайдалану жөніндегі осы Стандартта баяндалған талаптар адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдай жасайды».

«ҚазИнСт» директоры А. Байшокина ойын-сауық аттракциондарына қойылатын ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Аттракционның қауіпсіздігі» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын түсіндірді. Аталған стандарт 2019 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Кездесу барысында аттракциондарды жергілікті атқарушы органдардың есепке алу жағдайлары қозғалды.

Аттракциондарды пайдалануға беру атап айтқанда, толық, мерзімді және ішінара техникалық сараптамадан өту туралы ақпараттар айтылды.

Кездесу барысында қолданыстағы аттракциондарды, соның ішінде, ұлттық стандарттың өтпелі кезеңіндегі, стандартқолданылатын аттракциондардың түрлері, аттракциондарды қабылдау комиссиясы туралы сұрақтар туындады. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.