
Ағымдағы жылдың 21 маусымында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «23- маусым - Мемлекеттік қызметші күні» мейрамы қарсаңында салтанатты іс-шара өткізілді.
Департаменттің басшысы Алия Ахметова департамент қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап: «Мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер болса, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен биік беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты, қос ұғым екені айдан анық. Осы тұста, Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір ант қабылдаған мемлекеттік қызметші осы қағиданы берік ұстанып, ұмытпауы тиіс. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін, маңызды міндетін көрсетеді. Ендеше, өз елін сүйіп, халқын ардақтап, құрметтеген мемлекеттік қызметшілері бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі кемел, ертеңі үшін алаңдамауға да болады», - деп айтты.
Департаменттің басшысы бас маман Асқар Бейсенбаевты адал да белсенді қызметі үшін салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапаттады.