ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 20 маусымында ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің  2019 жылдың 14 маусымындағы №3-4/14 шешімін талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Департаменттің бөлім басшысы, әдеп жніндегі уәкілі Құралай Киргабакова: «Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің дербес қызметі бойынша жоспарының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілермен қабылданатын парасаттылық декларациясының мәтіні бекітілді. Парасаттылық декларациясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында, өз еркімен және саналы түрде осы шектеулерді қабылдауы қажет. Аталған шектеу шараларын сақтамаған жағдайда (қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда) тәртіптік жазалар қолданылып, жұмыстан босатылуға дейінгі жаза қарастырылғаны туралы хабардар етемін», - деп айтты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша департамент қызметкерлері парасаттылық декларациясымен танысып, әр қызметкер өз тарапынан қол қойды.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында  диалог және пікір алмасу өтіп, жұмысқа қажетті ұсыныстар алынды.