МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

20 маусым күні «Көкшетау» мәдениет сарайының қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы рәсімімен басталды, олардың қатарында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  жетекші маманы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Мирхакимов Улугбек Маруфжанович ант қабылдады.

Сарайға жиналған қауымды кәсіби мерекесімен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтап, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекеттік қызмет ардагерлері атынан жас әріптестерін кәсіби мерекелерімен Мемлекеттік қызмет ардагері, "Құрмет" орденінің иегері Марат Құлмағамбетов құттықтады.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті үлгілі атқарғаны және өңірлік мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.