КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

22 маусымда «Ертіс – Promenad» сахнасында Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовтың қатысуымен мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы А. Мұқашев кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің ата - анам-мемлекеттік қызметкерлер» атты бейнероликтер байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Сайыс жеңімпаздары планшет, смартфон және ноутбук түрінде сыйлықтар алды. Ұжым мен балалардың бірлескен шешімімен Дарынды балаға, Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Киякова Мерей сыйлықты (планшет) табыс етті. Ол Арай мектеп баспасөз орталығының мүшесі болып табылады, республикалық және облыстық газеттерге бірнеше рет басып шығарылды, волейболдан жарыстарға қатысады.