АТТРАКЦИОНДАР БОЙЫНША СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

АТТРАКЦИОНДАР БОЙЫНША СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп,  қалалық мәдениет және демалыс саябағында түсіндіру жұмыстарын өткізіді.

Кездесудің мақсаты - 2019 жылғы 01 шілдеден бастап күшіне енетін «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын түсіндіру бойынша шараларды жалғастыру болып табылады.

Департамент қызметкерлері мен "ҚазСтИн" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда жергілікті атқарушы органда аттракционды есепке қою, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру. Жергілікті атқарушы органдармен аттракциондарды тіркеу сәтінен белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін қозғалды. Аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді. Параметрлері жұмыс құжаттамасында көрсетілген мәннен асып кететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар пайда болған жағдайда, жолаушыларға арналған аттракциондардың пайдалануы тоқтатылады.  ҚР СТ талаптарына сәйкес, қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастыру  іс-шараларын жүргізу арқылы аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету арқылы менщік нысанына қарамастан қолданылатын аттракциондардың қауіпсіздігіне қолданатын ұйымның басшысы немесе меншік иесі  жауапты екендігі түсіндірілді. 

ҚР СТ бойынша қойылған қосымша сұрақтарға толық жауаптар берілді.