
2019 жылдың 24 маусымында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Алия Ахметованың төрағалығымен және «Қазақстан Стандарттау Институы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу мерзімімен «Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалану және пайдалануға енгізілу кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартын талқылау бойынша Өңірлік штаб отырысы өтті.
Кездесуге қала және облыстың жергілікті атқарушы органдары мен Тараз қаласының мәдениет және демалыс саябақтарының өкілдері қатысты.
Облыстық штабтың отырысында келесі мәселелер талқыланды:
1.Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жалпы ережелері;
2.ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартының негізгі талаптарлары.
Департамент басшысы Әлия Ахметова қатысушыларға ҚР СТ 3359-2019 сәйкес аттракциондарды қауіпсіз пайдаланудың жүйесін түсіндірді.
«ҚазСтИн» РМК директоры Асқар Мыңбаев «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ 3359-2019 стандарты туралы айтты .
Өңірлік штаб отырысы барысында нәтижелі пікір алмасу болды, барлық проблемалық мәселелер хаттамаға енгізілді, олар мемлекетаралық деңгейде шешім қабылдауды қарау үшін Техникалық реттеу комитетіне жіберілетін болады.