ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК

2017 жылдың 18 мамырында, Талдықорған қаласында, дүниежүзілік метрология күніне орай ашық есік күні өткізілді, бұл мереке бүкіл әлемдік метрологиялық қауымдастығымен аталып өтіледі.

2017 жылдың 20 мамырынан бастап  бүкіл әлемдік метрология қауымдастығы,  Дүниежүзілік метрология күнін атап өтеді, бұл шара 1875 метрикалық конвенция және халық-аралық таразы өлшем ұйымының  қол қой рәсімінің жылдық мерекесіне орай үйлестірілген.

Метрикалық конвенция мемлекет аралық неғұрлым тұрақты ұйым болып табылады және қазіргі заманда, ғылыми-техникалық прогресті, оған қоса  мемлекет- аралық  өндірістік, сауда - экономикалық байланысты дамытудағы алатын орны орасан зор. Метрологияның жетістіктері, экономика саласын, ғылымды, медицинаны, сауда-саттықты, қоршаған ортаны, адам өмірін, денсаулығын қорғау, күзету негіздері болып табылады.

Бұл оқиға,  халық-аралық метрологияның жаңа дәуірге көшуіне, біртұтас халық-аралық метрологияның іргетасының қалануына  және  адамзаттың барлық  тіршілік қарекеттеріндеқолдануына арқа болды.

2017 жылы Дүниежүзілік метрология күнінің ұраны: «Көлікті өлшеу үшін» деп аталып отыр.

Осы шараға қатысушы, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттінің мамандарымен, қазіргі замандағы метрологияның бағыттары, өлшеу құралдары, әдістері оған қоса салыстырып тексерілуі, өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімі туралы мәліметтер беріліді.

 Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының  метрология саласының заңнамалары жәйлі,  өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы келелі мәселелерді шешу жолдары туралы түсіндірілді.