МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққыа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросы департаменті өкілдерінің  қатысуымен «Мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңдылық талаптарын сақтау туралы» кеңес отырысы өткізілген болатын.   «Мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңдылық талаптарын сақтаудағы ҚР ИДМ ТРМК СҚО бойынша департаментінің қызметі туралы» ақпаратымен бөлім басшысы – мемлекеттік бақылау жөніндегі СҚО-ның бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – Бейбіт Айтанұлы Әбілев сөз сөйледі.   Светлана Зайцева - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросы Департаментінің инспекторы: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды,  бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлермен  жасалудың себептері  және  тартылатын жауапкершілігі»  тақырыбы бойынша және ҚР сыбайлас жемқорлық функциялары туралы бейнероликті көрсету арқылы сөз сөйледі. «Іскерлік киім стилі, әлеуметтік желілер мен мобильді телефондарды пайдалану бойынша мемлеметтік қызметкерлердің Этикалық кодекс талаптарын сақтауы» тақырыбымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы – Аслан Амандықұлы Исин сөз сөйледі. Гүлнар Сәрсембаева -  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы: «Мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.Қазақстан Республкасы мемлекеттік қызметтік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері мен ҚР ИДМ ТРМК СҚО бойынша департаменті мамандары талқыланған сұрақтар бойынша пікірлерімен алмасты.