
2021 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Керімқұлов Қанат Ықсанұлы және бас маман Имашев Ринат Бахытжанұлы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында онлайн брифинг өткізді, онда 2021 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары және ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының негізгі талаптары айтылды.
2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен барлығы – 44 тексеру жүргізілді, оның ішінде 15 – субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау, 13 – өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеру, 3 - прокуратура талаптары бойынша, 13 - субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындау бойынша.
28 тексеруде Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 64% - ын құрады.
Бұдан басқа, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мәніне Алматы қаласы және қала аудандарының прокуратурасымен 3 бірлескен тексеру жүргізілді:
Нәтижесінде, барлық 3 жағдайда ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабын бұзу анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша 6 ай ішінде 132 - сәйкестік сертификаты, 40 - сәйкестік туралы декларация, 5-менеджмент жүйесі сертификаттары, 51 - тексеру туралы сертификаттар қайтарылып алынды және қолданысы тоқтатылды, барлығы – 511 бірлік. Өлшем құралдары, оның ішінде қолдануға жарамсыз – 344 бірлік, сондай-ақ 787 590 (орындалды – 787 590) теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен 6 ай мерзімге сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы – аудиторлардың 3 аттестаты тоқтатылды, 525 060 (орындалды-525 060) теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен 6 ай мерзімге салыстырып тексеруші - өлшем құралдарының 2 аттестаты тоқтатылды. Алматы қаласы Департаменттің қозғалған 1 материалы негізінде "CT-KZ Эксперт" ЖШС сараптама ұйымының тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторға тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшін сараптама актілерін беру тәртібін бұзғаны үшін сарапшы - аудитор аттестатын 6 ай мерзімге тоқтата отырып, 29 170 (орындалды – 29 170) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
2021 жылдың 01 шілдесінде ҚР Президенті 2020 жылдың 30 желтоқсанында қол қойған Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» жаңа Заңы күшіне енгенін атап өткен жөн.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» жаңа Заңын қабылдаудан күтілетін нәтижелер:
- ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін арттыру;
- бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім үшін жағдай жасау;
- мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;
- сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- Техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберіндегі ұлттықтан жоғары заңнамаға сәйкес келтіру.