ЕАЭО ТР әзірлеу жоспары және оларға өзгерістер туралы ақпарат

ЕАЭО ТР әзірлеу жоспары және оларға өзгерістер туралы ақпарат

2021 жылғы 23 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеудің және енгізілетін өзгерістердің үлкен санын ескере отырып, оларға өзгерістер енгізудің жаңа жоспары бекітілді.

  1. Осы жоспарда техникалық регламенттердің 11 жобасын әзірлеу көзделген, онда Қазақстанға «Жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі туралы» бір техникалық регламентті әзірлеу бекітілген (4 тоқсан 2022 жыл, ҚР АШМ)
  2. Техникалық регламенттерге өзгерістердің 42 жобасын әзірлеу көзделген, Қазақстанға мынадай жобалар бекітілген:

- КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздік талаптары» № 2 өзгерістер жобасы (2 тоқсан 2021 жыл, ҚР ДСМ);

- КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздік талаптары» № 2 өзгерістер жобасы (2 тоқсан 2022 жыл, ҚР АШМ).

Сондай-ақ, Қазақстанның ұсынысы бойынша Одақ аумағында артық талаптарды болдырмау және құрылыс өнімдерінің (материалдар мен бұйымдардың) кедергісіз орын ауыстыруын қамтамасыз ету мақсатында жоспарға бөлінген техникалық регламентті әзірлеу енгізілді: ЕАЭО ТР «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» және ЕАЭО ТР «Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» (Жауапты әзірлеуші – РФ).

Алдыңғы нұсқамен салыстырғанда жоспардың жаңа редакциясында:

- Одақтың «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» ТР және «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 008/2011 № 2 өзгерістер алып тасталады;

- Одақтың «Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» бірлескен ТР әзірленеді;

- «Тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың қауіпсіздігі туралы» Одақтың ТР жобасының МІК қорытындылары бойынша шешімдерді ЕЭК-ке ұсыну мерзімі түзетіледі;

 - ЕАЭО ТР 037/2016 «Электр техникасы және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы»  № 1 өзгерістерді және КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы» № 1 өзгерістерді әзірлеу, сондай-ақ құрамында никотин бар өнімге арналған техникалық регламентті әзірлеу бойынша тармақтармен толықтырылады.