
Ағымдағы жылдың 25 маусымында Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында аттракционды пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі кеңейтілген кезекті аймақтық штаб отырысы өткізілді
Отырысқа мемлекеттік органдар, БҚО КП өкілдері және аттракцион иелері қатысты.
«Қазақстан стандарттау институты» РМК БҚФ директоры Айман Удишева Қазақстан Республикасы «Аттракционды іске қосу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар» (ҚР СТ 3359-2019) стандарты жөнінде сөз сойледі. Ол, Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі таңда «Аттаркциондар қауіпсіздігі туралы» (2018 жылғы 18 сәуірде күшіне енді, 2019 жылдың 18 қазанына дейін өтпелі кезең белгіленді) және «Ойын алаңқайларындағы балаларға арналған жабдықтар қауіпсіздігі туралы» (2018 жылғы 18 қарашасында күшіне енді, 2020 жылдың 1 маусымына дейін өтпелі кезең белгіленді) техникалық регламенттерінің қабылданғандығын атап айтты.
Келесі кезеңде аталған ЕЭО ТР бейімдеу (енгізу) үшін ұлттық деңгейде сәйкестендірілген акттар қабылдау талап етіледі, келесі регламенттелген ретте:
- «Аттаракциондар қауіпсіздігі туралы» ЕЭО ТР сәйкес тіркеу (есепке қою), іске қосу және техникалық куәландыру;
Аталған стандарт атракциондарға, соның ішінде келесі кезектегі демалуға арналған аумақтарға қолданылады:
Бұл стандарт жеке қолданыс үшін әкелінгендерден басқа, барлық қолданыстағы аттракцион субъектілеріне қолданылады.
Әрмен қарай барлық қатысып отырған аттракцион қолданушыларына құрастыру кезінде қойылатын талаптар, аттракциондарды аумақтық атқарушы органдар арқылы есепке қою, аттракциондарды іске қосу және техникалық куәландыру жөнінде ақпараттандырды.
Отырыс қорытысында Орал қалалық әкімдігіне, ТРжМК БҚО бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК БҚФ сәйкестендірілген түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру тапсырылды, ал аттракцион иелеріне ұлттық стандарт талаптарын сақтауды қадағалау ұсынылды.
