«МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ» БОЙЫНША ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

 «МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ» БОЙЫНША ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Респуликасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша Кешендік жоспар шегінде Өскемен қаласында 24 мен 26 мамыр аралығында бюджеттік негізде «Менеджмент жүйелері және метрология, техникалық реттеу саласындағы мамандардың даярлау және біліктілігін арттыру» бойынша республикалық семинар өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің метрология және техникалық реттеу Комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты.»

3-күндік семинар барысында Қазақстан Респуликасының техникалық реттеудегі ерекешеліктері мен негіздері, сондай-ақ аккредиттеу, метрология, стандарттау салаларындағы жаңа бағыттар қарастырылды. Семинар барысында алынған білім болашақта өнімдер мен қызметтер өндірісін  жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті құралдарды тәжірибеде дұрыс және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Атап айтқанда, семинарда Кеден одағының «Машиналар мен құрылғылардың қауіпсіздігі туралы», «Жарылысқа қауіпті орталарда қызмет атқаратын құрылғылардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің нормалары мен талаптары түсіндіріледі.

Семинарда тау-кен өндірісі саласындағы 47 маман біліктілігін арттырды.

Дәріскерлер ретінде өнеркәсіптің басым секторларының жетекші сарапшылары, КО және ҚР техникалық регламент әзірлеушілері мен бағыт бойынша сарапшы-аудиторлар жүргізді. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.