ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ЖӘНЕ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ЖӘНЕ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы және «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ бірлесе «Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдары индустриалды-инновациалық даму Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын,  техникалық реттеу мен метрология жүйесін 2020 жылға дейін жақсарту бойынша Кешенді жоспарын орындау мақсатында 2017 жылдың  22 мамырдан бастап 24 мамырға дейін Павлодар қаласында, Инновациялық Евразиялық университет базасында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі облысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау» атты 3 күндік аймақтық оқыту семинарын өткізетіні тұралы хабарлайды.

Семинар ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

Семинар барысында техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың заңнамасы бойынша мәселелер қарастырылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі. Каталогтау жүйесі. Аккредиттеу, сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды өткізуде негізгі талаптар. Заңнамалық және қолданбалы метрология негіздері. Қазақстан Республикасында сапа менеджментін енгізу мен әзірлеу. Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары.

Семинардың жұмыс уақыты: сағат 10:00 бастап 17:10 дейін  (түскі ас 13:35 бастап 14:25 дейін).

Семинар қатысушыларын тіркеу сағат 9:30 бастап 10:00 дейін.

Анықтама бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 34, 219 кеңсе, тел/факс: +7 (7182) 32-79-41, 32-95-35, е-mail: pvl_kazinst@mail.ru.