
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау Институтының филиалымен бірлесіп, техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттарды түсіндіру мақсатында "MATEX" ЖШС кәсіпорнында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау, нормативтік техникалық құжаттарды өзектендіру саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Бас маман Белогонова Алина Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы", "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндірді.
Кеден одағының техникалық регламенттерінің негізгі талаптары матаның сапасы, оның денсаулығы үшін зиянсыздығы, сәйкестік сертификатының және таңбалауының болуы болып табылады.
Өнімді таңбалау анық, оқылатын және тексеру мен сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы тиіс.
"MATEX" ЖШС Петропавлдың ерлер, әйелдер, балалар шұлықтары, шұлықтар, гольфтар, гетрлер шығаратын жас кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорын 2018 жылдың қараша айында өндірісті іске қосты.
"MATEX" ЖШС шұлық-ұйық бұйымдары Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік сертификаттары нысанында сәйкестікті растау рәсімінен өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша нормативтік құжаттарды пайдалану және өнімді таңбалау талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.