
Атырау қаласында бюджеттік бағдарлама бойынша «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында өңірлік оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі метрология және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі Кешенді жоспары, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарының іс-шара жоспарын іске асыру болып табылады.
Семинарды құттықтау сөзбен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Камешева С.Ғ. және «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының директоры Дю Н.И. сөз сөйледі.
Семинарды – менеджмент жүйесі жөніндегі эксперт-аудитор Булатова Е.С., тыңдаушылардың назарына ISO стандарты бойынша халықаралық ұйымдардың жаңа стандарттарын, келесі тақырып бойынша баяндады:
1. «Тәуекел менеджменті. Принциптер мен басшылық нұсқаулар»
- Қауіп-қатерді басқару үрдісі және құрылымы. Тәуекелді басқару инфрақұрылымы. Тәуекелді басқару саясатын бекіту. Мониторинг және қадағалау.
2. ISO/TR 31004 «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулықтар».
Құрылымдалған тәсіл. ISO 31000 негізгі тұжырымдамасы. ISO 31000 принциптері бойынша қосымша басқарулары. Барлық кәсіпорындар, соның ішінде ИСО 9001 сапа менеджмент жүйесін енгізген, сонымен қатар енгізу сатысындағы кәсіпорындар үшін аталған стандарттардың негізгі ережелері пайдалы.
3. ISO 37001 «Парақорлықпен күресу менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша нұсқаулықтар және талаптар».
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін әзірлеу және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.
- Басқару тәсілін бағалау критерийлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін жақсарту және сүйемелдеу.
Ұйымдарға, кәсіпорындарға тиісті механизмдер енгізуге, парақорлық жағдайлардың алдын алуға, анықтауға және парақорлық болған жағдайда шара қабылдауға көмектеседі.
Семинарға Атырау облысының өндіріс-кәсіпорындарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сапа жөніндегі мсамандар және басқа да мүдделі тұлғалар («Полимер Продакшн» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Профилакторий «Жемчужина» ЖШС, «Казкомсервис» ЖШС, Атырау облысы статистика департаменті, Атырау мұнай және газ институты, Атырау облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, «Фирма АТК» ЖШС, «Новус Силинг Каспиан» ЖШС, «Жигермунайсервис» ЖШС, «Newthech System Group» ЖШС, «СП Первомайский» ЖШС, «Заман- нан» ЖШС және т.б.
Семинар барысында менеджмент тәуекелі, парақорлықпен қарсы күресу менеджменті бойынша сұрақтар қойылды. Дәріске толық және мағыналы жауаптар берді.
Өткізілген семинардың қорытындысында 100 тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
