
2017 жылдың 2 қарашасында Ақтөбеде, Ақтөбе облысы бойынша ТРМК Департаменті «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалымен бірлесіп зағип және нашар көретін азаматтарға арналған ҚР СТ ISO 24503-20 __ «Тұтыну тауарларындағы тактильді нүктелер және штрихтар» ұлттық стандарттын жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізділді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР СТ ISO 24503-20 __ «Тұтыну тауарларындағы тактильді нүктелер және штрихтар» ұлттық стандарт жобасын талқылауына кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктерінің белсенді қатысуы болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысына армасы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ақтөбе» корпоративтік қоры және Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапхана өкілдері белсенді қатысты.
