«БЕРЕКЕТ-Ф» ЖШС – НА ЖҰМЫС САПАРЫ

 «БЕРЕКЕТ-Ф» ЖШС – НА ЖҰМЫС САПАРЫ

2017 жылы 20 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының  басшылары «Берекет-Ф» ЖШС-нің  сүт өнімдерін шығарумен айналысатын зауытына барып қайтты.

 

«Берекет-Ф» ЖШС құрылымына: біреуі сүт өнімдерін шығаратын – «АқНек-Маңғыстау» сауда таңбасымен, екіншісі нан өнімдері мен кондитерлік өнімдерді  өндіретін – «АқНан-Маңғыстау» сауда таңбасымен таңбаланған екі ірі зауыт кіреді.

 

Кәсіпорынға бару барысында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына түсініктеме жүргізілді және аккредиттеу облысы өтініміне сәйкес, сынау әдістемесі бойынша нормативті құжаттар жөнінде кеңестер берілді.

Келесі бөлімдер бойынша материалдар ұсынылды:

-  ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;

- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;

- метрологилық сұрақтар;

- стандарттардың қол жетімдігі –интернет-дүкенмен жұмыс жасау.

«Берекет-Ф» ЖШС-мен ынтымақтастық мекеме құрылғаннан бастап жалғасып келеді. Кәсіпорынға бару барысында сүт өнімдеріне каталогтық парақтары жасақталды. Қазіргі уақытта өнімнің каталогтық парақтарын «Өнімнің каталогтау ақпараттық жүйесінде» тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта – «АқНан-Маңғыстау» сауда таңбалы нан өнімдері және  кондитерлік өнімдерді өндіретін зауытқа бару жоспарлануда.