ЕЭК-пен жұмыс кездесуі

ЕЭК-пен жұмыс кездесуі

Ағымдағы жылдың 10 маусымда Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Отырысқа ЕЭК, ҚР СИМ, ҚР СИМ ТРМК, ҚазСтандарт, ҰАО, ҚР АШМ, ҚР ЭМ, ҚР ИИДМ, ҚР ДСМ өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР СИМ ТРМК төрағасы А.Әбенов құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу барысында Одақтың техникалық регламенттеріне сілтемелік мемлекетаралық стандарттарды енгізу бөлігінде "Атамекен" ҰКП ұсыныстарын, өнімдерге арналған өзге стандарттарды таңбалау бөлігінде енгізу жөніндегі ұсыныстарды ескере отырып, ЕАЭО туралы шартқа түзетулерге қатысты мәселелер қаралды.

ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабарландыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жұмысының ағымдағы жағдайы талқыланды.

Қатысушылар ұлттық және ЕАЭО жүйелерін біріктіру бөлігіндегі ағымдағы проблема туралы пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде референттік зертханалар жүйесін құру, өлшем құралдарын калибрлеуді жүргізуді ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері және электрондық сауда талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осы мәселелерді Одақтың барлық мүшелерінің қатысуымен ЕАЭО алаңында талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.