ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2017 жылғы 23 маусымда Ақмола облысында Ақмола облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында техникалық реттеу және метрология мәселесі бойынша кезектен тыс Өңірлік штаб отырысы өткізілді.

Отырысты Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Оспанов Ербол Амангельдыевич ашты. Отырысқа ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палата, сынақ зертхана, сәйкестікті растаушы орган және салалық кәсіпорындардың басшылары, Ақмола облысының сараптамалық ұйым өкілдері қатысты.

Өңірлік штаб отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

- «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы»  ЕурЭО ТР жобасын талқылау;

- Өлшем бірлігін қамтамасыз ету, стандарттау туралы Қазақстан Республикасының заң жобаларын түсіндіру. Техникалық регламенттер нормаларын сақтамағаны үшін жауапкершілікті нақтылау;

- Тауардың шығу тегі туралы сертификатты берудің  тәртібі мен талдауы.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, «ҚазСтИн» РМК АФ және Ақмола облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары баяндамамен сөз сөйледі.

Өңірлік штаб отырыстың қорытындысында Ақмола облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандарына тауарлар сараптамалық ұйымдардың  шығу тегі туралы сертификатты бас тарту фактілері анықталған жағдайда қолданыстағы заңнаманың шеңберінде одан әрі талдау және жауап қайтару үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне тұрақты негізде ақпарат беру.