
2017 жылдың 6 сәуірінде қалалық әкімдікте, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаменті» Семей бөлімі, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігі және Семей қаласының ішкі саясат бөлімімен біріккен, мемлекетік мекемелер және қала ұйымдары үшін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану» семинары өткізілді.Семинарға Семей қаласының 62 мемлекеттік мекеме, жоғары оқу орны, колледж, мектеп және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер бейнеленген өнімдер шығаратын 4 кәсіпорын басшылары қатысты.
«Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаменті» Семей бөлімінің бас маманы М.Е.Елеусізовпен, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы» талаптары, 3D-модель форматында Елтаңбаны және оның элементтерін дайындауға қатысты, көрсетілген құжаттағы өзгерістер туралы хабарлар, стандарт талаптарын сақтау міндеттілігі, Мемлекеттік елтаңбаның лак және бояу материалдарының SCI и SCE режимдегі CIELab түс моделі стандартына сәйкестігі, Елтаңбаның жекелеген жетіспейтін элементтерін және олардың қолданыстағы өлшемнен ауытқуын нақтылауды енгізу, Елтаңбаны кепілді мерзімде қолдану (3 жылдан кем емес) өндірушілерді сапалы өнім шығаруға міндеттейтіні жөнінде және өтпелі кезең мерзімінде Республикадағы барлық Елтаңбаның жаңа Елтаңбаларға ауыстырылуы керек екені, өндірушілердің 1 шілде 2017 жылға дейін ҚР СТ 989-2008 стандартымен жұмыс істей алатыны, ұлттық стандарттың күшіне ену мерзімі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және олардың бейнелерін орналастыру, ауыстыру, қайта өңдеу ережелері түсіндірілді. М.Е. Елеусізов семинар қатысушыларын, 2016жылдың қазан айында өткен Республикалық инспекциялық комиссия барысында, бірқатар мемлекеттік мекемелерде Мемлекеттік Елтаңба мен Талаудың стандарттарға сәйкес келмегенін, оларды орналастыруда олқылықтар болғаны туралы хабардар етті.
Елтаңбаның бланкі өнімдерінде сапалы бейнеленуі және оларды дайындаудағы проблемалар жөнінде, «Фото Плюс » жарнама-баспа агенттттігі басшысы В.Ю. Иванченко сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.С. Садырбаев мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу жүргізуіне, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, ауыстыру және жою сұрақтары бойынша кеңестер берді.

