ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ КӨМЕК ШЕҢБЕРІНДЕ

ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ КӨМЕК ШЕҢБЕРІНДЕ

2017 жылдың 29-30 маусымында  «Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаменті» ШҚО бойынша Семей бөлімі және  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігінің мамандары бірігіп, қайтадан ашылған жеке кәсіпкер Мырзағалиева Майнур Маратқызының өндірістік цехына барып қайтты. Жеке кәсіпкермен өндірістік сұрақтар бойынша талқылау өткізілді: өндірілетін өнімдерге арналған стандарттар болуы, өлшеу бірліктерін тексеру, сертификаттау сынақтарын жүргізу, өнімдерді  таңбалауды әзірлеу, штрих кодтар сұрақтары және т.б. Кеден Одағы техникалық регламенттері, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптары талқыланды.

Кездесу барысында, кәсіпорын басшысы каталогтау мәселелерімен, ҚР Кәсіпкерлік кодексімен таныс болды. Шумаев, Семей және Өскемен қалаларында азық-түлік өнімдерін сынақтан өткізетін аккредиттелген зертханалар бар екені, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ сертификаттау органында, кәсіпкердің  өндірілетін өнімдерді сынақтан өткізуге, одан сәйкестік кейін сәйкестігін  растауға  мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Семей бөлімінің басшысы                                           Шумаев Р.Р