«ЫСТЫҚ-НАН» ЖШС БАРУ

«ЫСТЫҚ-НАН» ЖШС БАРУ

Техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемаларды талқылау және оларды шешу бойынша көмек көрсету мақсатында техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы өкілдерімен бірлесе отырып «Ыстық-нан» ЖШС наубайханасын  аралады.

«Ыстық - Нан» ЖШС Қостанай облысы бойынша нан-тоқаш өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады. Ауқымда өнімдердің 15 түрі бар. Аралау барысында шығарылатын өнімдерінің нормативтік құжаттамасы бойынша, техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету, өнімдер жүйесін каталогтау, «Интернет-дүкен» жүйесі туралы ақпарат, «Онлайн қол жеткізу» қызмет көрсету,  нормативтік құжаттарды жаңарту туралы ақпарат, 2018-2020жж. мемлекеттік стандарттау Жоспарына ұсыныстар туралы кеңестер берілді.