«БИОДИЗЕЛЬ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»

«БИОДИЗЕЛЬ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»

2011 жылдың 10 ақпандағы «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» туралы ҚР ТР Техникалық регламенті күшіне енді.    

Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 27 "Минералды отын, мұнай және олардан өңделген өнімдер, битуминозды заттар; минералды балауыз" тобының 2710 кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Биодизель өндірісі және айналымы кезінде:

      1) химиялық препараттарды және реактивтерді сақтықсыз қолдану;

      2) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы;

      3) биодизельді басқа сұйықтармен араластыру;

      4) биодизельді өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты сақтықсыз қолдану;

      5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері;

      6) буып-түюдің және құюдың саңылаусыз еместігі;

      7) биодизельдің ауыз суға түсуі;

      8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.

Биодизельді сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.

Сәйкестендіруді биодизельге қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай әдістердің бірімен немесе олардың үйлесуімен:

биодизель партиясын сипаттайтын құжаттарды талдауды;

биодизельді зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізеді.

Биодизельдің жарамдылық мерзімі үш айдан аспауы тиіс.

Биодизельді сақтау үшін үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды  "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға жіберілген көлік арқылы биодизель тасымалдауға рұқсат етіледі.

Биодизельмен байланыста болатын цистерналар мен ыдыстардың үстіңгі беті онымен реакцияға түспеуі және оның ластау көзі болмауы тиіс.

Құюға дайындау үшін берілетін цистерналар құйылған өнімнің атауын қамтитын құжатпен бірге берілуі тиіс. Көрсетілген құжат болмаған кезде құйылған өнімнің атауы цистернадан алынған қалдықты талдаумен белгіленеді.

Цистерналардан биодизель толық ағызып алынуы тиіс. Бұл ретте, төменгі ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда биіктігі 1 см аспайтын қалдыққа жол беріледі.

Ыдыстың отынмен толтырылу дәрежесі көлемнің 95 пайызынан аспауы тиіс.

Толтырылғаннан кейін ыдыс сүртілуі тиіс.

Биодизельді сақтау және тасымалдау өнімнің төгілуін болдырмайтын саңылаусыз жабылған ыдыста жүзеге асырылуы тиіс.

Мыналарға:

1) саңылаусыз емес жабдықтарды және тиекті арматураны пайдалануға;

2) жобалау нормаларымен белгіленген опырылуы биіктігін азайтуға;

3) қисаюлар және жарылулары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, жеткізуші құбырларды және өртке қарсы стационарлық құрылғыларды пайдалануға;

4) опырлау аймағында ағаштардың және бұталардың болуына тыйым салынады.

Биодизельді жанармай ыдыстарында, түтін шығатын терезелері жоқ жертөле және цокольдық қабаттардағы үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерде сақтауға жол берілмейді.

Биодизельді таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентімен бекітілген талаптарға, сондай-ақ осы бөлімнің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Тұтану ыдысын таңбалау мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) биодизельдің атауын, оның сортын немесе сыныбын, нысаналы мақсатын;

2) осы Техникалық регламенттің атауын;

3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;

4) таза салмағын немесе көлемін;

5) биодизельді дайындау күні - айы мен жылын;

6) жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын;

7) партия нөмірін.

Отыны бар тасымалдау ыдысының әр бірлігінде сумен немесе мұнай өнімдерімен шайылып кетпейтін трафарет немесе мөр арқылы басылған, мыналарды:

1) биодизельдің атауын, сортын немесе сыныбын, оның нысаналы мақсатын;

2) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;

3) брутто және таза салмағын;

4) биодизельді дайындау күні - айы мен жылын;

5) жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын;

6) партия нөмірін;

7) Техникалық регламенттің атауын қамтитын жазу болуы тиіс.

Егер отыны бар көліктік ыдыста көрсетілген жазуды түсіру мүмкін болмаса, онда ыдысқа осы жазу бар жапсырмалар жапсырылады және затбелгі желімделеді, ал ыдыстың өзіне мөрмен немесе трафаретпен биодизель атауы және оның дайындалған күні бар шайылып кетпейтін жазу түсіріледі.

Көліктік ыдысқа көліктік таңбалау мен манипуляциялық белгілер және жүктің көліктік қауіптілігін сипаттайтын таңба жазылады.

Техникалық регламентпен толық Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында https://www.memst.kz/ танысуға болады. Техникалық регламентке сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттеріне сәйкес хат жолдауға болады.      

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11.  Телефон: 75-05-44. Е-mail:gosnadzor_astana@mail.ru.                

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы – Амантайқызы Айнұр.