СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӘСІПОРЫН

 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӘСІПОРЫН

Өзінің өкілеттік шеңберінде  және 2017 жылғы  жұмыс жоспарына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология мәселелерін түсіндіру бойынша, Мемлекеттік стандарттың аймақтық бөлімшесі болып табылатын,  ШҚО бойынша  «Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаменті» Семей бөлімі және  «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігі, Семей қаласының кәсіпорындарына кеңес беріп, практикалық көмек көрсетеді.

06.12.17 ж. Шығыс Қазақстан облысының қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарының бірі болып табылатын «Қазэлектромаш» ЖШС-мен Мемстандарт қызметкерлерінің кезекті кездесуі өтті. Кәсіпорынның негізгі қызметі трансформаторлық қосалқы станцияларды әуе және кабельді электр желілерін салуға дейін монтаждау және баптаудан бастап, электр қондырғыларының кең ауқымын іске асыру болып табылады.

Сапар барысында, Мемстандарт мамандары  кәсіпорын өнімдері өндірісінің ЕАЭО-тың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне қатысты өзекті мәселелерді қарады.

«Қазэлектромаш» ЖШС теңгерімді әкімшілік саясаты, жоғары тиімді басқару, білікті кадрлар, жаңа заманауи жабдықпен жабдықталған тұрақты, үнемі кеңейтетін техникалық база нарықта ірі ресейлік кабельдік және сым өнімдерін өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындағы тұрақты жұмыс істейтін сертификатталған электрлік өлшеу зертханасы үшінші тұлғаларға тартылмаған жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Казэлектромаш» ЖШС келер жылы 35 кВ дейінгі кернеуге арналған қуат кабельдерін өндіруді бастауды жоспарлап отыр, өйткені осы өнім түріне арналған техникалық құжаттамаға деген сұраныс артып келеді, сондай-ақ жоғары вольтты кабельдік өткізгіш өнімдер үшін аккредиттелген сертификаттау органдарын іздестіруде.