ҰАО ШЕТЕЛДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

  ҰАО ШЕТЕЛДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

ҚР ИДМ ТЕхникалық реттеу және  метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында «Uzbekistаn Airways Technics» авиакәсіпорнының зертханалық-метрологиялық қамтамасыз ету орталығына аккредиттеу аттестаты табысталды.

Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Мақсұт Өмірханов Қазақстандағы UZBEKISTAN airways авиакомпаниясының өкілі Фахридин Гиасовқа аккредиттеу аттестатын табыс етті.

Аккредиттеу аттестатын табыстай отырып, Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Мақсұт Өмірханов осы жағдайда аккредиттеу субъектілеріне аттестатты табыстаудың бұл қалыпты процедурасының айырмашылығы бұл, Ұлттық аккредиттеу орталығы алғашқы рет мемлекеттік тілдегі мәтіні латын алфавитімен орындалғандығы екенін атап өтті. Осылайша, кириллицадан латиницаға кезеңдеп көшу бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын іске асыру бойынша алғашқы қадам жасап отырғанымызды атап өтті.

UZBEKISTAN airways авиакомпаниясының өкілі Фахридин Гиасов «Uzbekistаn Airways Technics» авиакәсіпорнының атынан қазақстандық әріптестеріне алғыс білдірді және Ұлттық аккредиттеу орталығының олар тек өзінің ішкі нарығында ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелде де қызметтер көрсететін қазақстандық сарапшы-бағалаушыларының жоғары кәсібиліктерін атап өтті. Бұл ALAC және IAF халықаралық ұйымдарында Ұлттық аккредиттеу орталығының мүшелігінің арқасында мүмкін болды, бұл халықаралық нарықтарда қызмет көрсетуге құқық береді.

Өз сөзінде Ф. Гиасов Өзбекстан Республикасы 25 жыл бұрын кеңестен кейінгі кеңістікте алғашқылардың бірі болып латиницаға көшкенін атап өтті. Компанияның аккредиттеу аттестатын бүгін латинициада алғандығы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығымен әрі қарайғы жемісті ынтымақтастығы мен сый-құрметінің куәгері болып табылады.