
2017 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күні мерекесіне орай, өз әріптестері мен қоғамдық бірлестік өкілдері алдында Департаментке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшінің салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті. Салтанатты жиын Департамент басшысы Т. Б.Атчибаеваның кіріспе сөзімен ашылды.
Ант беруші департаменттің бас маманы Е. С. Акмамбетов мемлекеттік қызмет атқаруда елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адал да білікті маман ретінде қызмет етуге салтанатты түрде ант беріп, қол қойды. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталды. Жиын соңында Департамент басшысы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күні мерекесімен құттықтап, адал да абыройлы қызмет етіп, үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетуді тіледі.
