АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРС-КӨРМЕСІНЕ 30 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРС-КӨРМЕСІНЕ 30 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ

Ақмола облысы әкім орынбасары  Асхат Қайнарбковтың  төрағалығымен «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурс көрмесі  өтті.

«Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурстық көрмеге жыл сайын қатысушылар саны өсуде, кәсіпорындар шығарған өнімнің сапасымен жетістіктерін көрсетті.

Биылғы жылы облыстық «Қазақстанның Үздік тауары 2017» конкурстық көрмеге 30 облыс кәсіпорындары қатысты. «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында мықты атақ үшін 15 компания жарысты, 8 кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына және 7  «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына ниет білдірді.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін сараптау тобына департамент басшысы – Абилев Б.А. және бөлім басшысы – Мурзалин А.К. сараптау комиссиясына мүше ретінде шақырылған болатын.

Конкурстық көрменің қорытындысы бойынша «Қазақстанның Үздік тауары 2017»:

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:

1 орын «Агрофирма ТНК» ЖШС;

 «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:

1 орын «Щучье қазан дайындап шығаратын механикалық зауыт» ЖШС;

 «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы:

 1 орын «Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС.

«Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурс жеңімпаздары  енді Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өздерінің жергілікті өнімдерін халық алдына ұсынатын болады.